GeoOlimpiad.kz – География олимпиадаларына дайындыққа арналған заманауи білім беру платформасы.
Платформа олимпиадалық қозғалысты дамытуға және қолдауға, сондай-ақ оқушылардың пәндік білімін тереңдету мен аналитикалық ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған.
Платформада ұсынылған:
• олимпиадалар күнтізбесі және жарыстар туралы өзекті ақпарат;
• географияның негізгі бағыттары бойынша тақырыптық бөлімдер;
• өткен жылдардағы тапсырмалар архиві;
• авторлық тапсырмалары бар онлайн-тренажёр және нәтижелерді бағалау жүйесі.
Платформа география олимпиадаларына дайындық жүйесін жетілдіруге және білім беру үдерісінің тиімділігін арттыруға бағытталған ғылыми зерттеу аясында әзірленді.
GeoOlimpiad.kz оқушылар мен мұғалімдерді біріктіріп, әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларға сапалы дайындыққа арналған бірыңғай цифрлық орта қалыптастырады.